4 декабря, 2023

Ғылыми ұйымдар, жоғары оқу орындар (тізім бойынша)

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті ҚР Ғылым және жоғары білім министрі және «Отбасы банк» АҚ-ның басқарма төрайымы арасында жас ғалымдарға кредит берудің 2023-2027 жылдарға арналған бағдарламасы (Банк қаражаты есебінен) бойынша ынтымақтастық туралы келісімді іске асыру үшін «Отбасы банк» АҚ 2023 жылғы 1 желтоқсанда аталған кредит берудің бағдарламасын жариялады (толық ақпарат – «Отбасы банк» АҚ-ның сайтында).

Кредит берудің бағдарламасына Министрлікке және Ғылым комитетіне ведомстволық бағынысты және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыратын ғылыми ұйымдар мен жоғары оқу орындарының, гранттық немесе бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде ғылыми жобалар мен бағдарламаларға, ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларына қатысуды қоса алғанда, кемінде      3 жыл ғылыми-зерттеу жұмыс өтілімен, дәрежесі магистр деңгейінен төмен емес және тұрғын үйге мұқтаж жас ғалымдар (40 жасты қоса алғанға дейінгі) қатыса алады.

 Бағдарламаға қатысу үшін жас ғалымдар ғылыми ұйымдар мен жоғары оқу орындарының бірінші басшылары қол қойған жолдамалармен «Отбасы банк» АҚ-ға жүгінеді.

 Бұл ретте, алдын ала тұрғын үй қарыздары «Отбасы банк» АҚ-ның қаражаты есебінен Бағдарламаға қатысушыларға мынадай талаптармен беріледі: 1) ең көп сома – 20 миллион теңгеге дейін; 2) мерзімі – 8 жылдан аспайды, 11 жылдан аспайтын мерзімге кейіннен тұрғын үй қарызына өту жүзеге асырылады; 3) сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 5 %; 4) бастапқы жарна – шарттық соманың 10%-ынан 50%-ына дейін.         Төрағаның м.а.                                                     Ғ. Жанкуатов